Қаз Рус Анг

ПРОМЫШЛЕННЫЙ ТРАНСПОРТ КАЗАХСТАНА

журнал для специалистов промышленного транспортного комплекса


2_20
Журнал

Журнал әлемдік мерзімді тіркеуінің халықаралық орталығына тіркелген (Франция, Париж қ.), халықаралық реферативтік басылымға сәйкес келетін ISSN № 1814-5787 баспа нұсқасындағы индексі бар.

2_17
Редакциялық этика

Ұсынылған зерттеу нәтижелері мен қорытындылары сенімді болуы ғана емес, сонымен қатар толық, дұрыс және объективті ұсынылуы тиіс.

2_14
Авторлар ережесі

Мақала келесі тілдерде ұсынылуы мүмкін: қазақ, орыс және ағылшын.

Редакциялық этика

Редакциямен келесідей мінез – құлық ережелері белгіленген.  Авторлар, рецензенттер мен редакция коллегиясы осы ережелердің кепілдік пен сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Мақала авторларының этикасы.

Ғылыми мақалада жаңалығы бар авторлар зерттеу нәтижелерін табыс етуге міндетті.

Ұсынылған зерттеу нәтижелері мен қорытындылары сенімді болуы ғана емес, сонымен қатар толық, дұрыс және объективті ұсынылуы тиіс.Авторлар бастапқы мақаланың тек толық түпнұсқасын табыс етуге міндетті. Егер мақалада басқа да материалдардың нәтижелері немесе дәйексөз ұсыныстары пайдаланылса, осындай ұсыныстар мен дәйексөздер ұсыныстарының бірінші көзінің библиографиялық анықтамасы нақты көрсетілуі тиіс.

Авторлар жарияланған мақалалар немесе жариялануды ұсынуға дайын мақалалармен нәтижелері бірдей болса, өз мақалаларын ұсынуға тиіс емес. Авторлар мақалаларындағы қарастырылған сұрақтардың күйін толық және обьективті қарастырып көрсетуі тиіс.

Авторлар мақалаларының жай - күйін, мәселелерін анықтайтын бибилиографиялық басылымдарды дұрыс көрсетуі міндетті (қажет болған жағдайда – сол басылымдарды көрсетуге).

Кез келген бұрын жарияланған дәлелге (бақылауға, талапқа немесе қорытындыға) мақалада библиографиялық сілтеме болуы тиіс. Жеке алынған деректер ( мысалы: сөйлесу немесе хат алмасу кезінде) бастапқы көздің рұқсатынсыз және мәтінде көрініс таппаса пайдалануға тиіс емес.

Мақалада көрініс тапқан ғылыми нәтижелеріне елеулі үлес қосқан барлық тұлғалар авторлар құрамына енгізілуі тиіс. Мақалада көрініс тапқан ғылыми нәтижелеріне ілеспе үлес қосқан жеке тұлғаларға мақала мәтінінде алғысын білдіруге болады.

Журналға ұсынылған мақалада немесе журналда жарияланған мақалада айтарлықтай қателіктерді тапқан болса, дереу обьективті ақпаратты бірлесіп шешім қабылдау үшін редакция коллегиясына хабарлауы тиіс.

Журналға мақаланы берген кезде авторлар, осы ережелерді оқығанын және этикалық мінез құлық ережелерін бұзбағанын растау керек.

Мақала рецензенттерінің этикасы

Ұсынылған мақалада қарастырылып тұрған сұрақтар бойынша сарапшы болып табылмайтын деп санайтын немесе ол мақаланың уақытын қарап оған рецензияны  уақытылы жібере алмайтынын түсінетін рецензент, мақалаға рецензия беру мүмкін еместігі туралы редакция кеңесіне хабарлауы тиіс.

Рецензент мақала авторының нәсіліне, жынысына, ұлтына, азаматтығына немесе саяси пікіріне қарамастан мақала қолжазбасын бағалауы тиіс.

Рецензент мақаланың ғылыми мазмұны мен ғылыми маңыздылығына қатысты объективті болуы тиіс. Тексерушінің ұсынылған  мақаланы  ғылыми объективті қарауына қауіп төндіруі мүмкін мүдделер қақтығысы бар болса, рецензент ұсынылған мақаланы қарау мүмкін еместігі туралы редакция коллегиясына дереу хабарлау керек.

Рецензент мақаланың ағымдағы жай күйін толықтығы мен объективтілігін бағалау   (мүмкін дәрежеде – дәл библиографиялық сілтемелермен) қажет болған жағдайда толықтығы мен объективтілігі жеткіліксіздігін көрсетуі тиіс.

Редакцияға ұсынылған мақала қолжазба ақпараты құпия құжат болып табылады. Рецензент редакциялық коллегия келіскен тұлғалармен ғана ұсынылған мақала қолжазбасының мазмұнын талқылай алады. Рецензент кез келген тәсілмен алдын ала ұсынылған мақаланы жариялағанға дейін, ұсынылған мақала қамтыған идеялар мен ақпаратты пайдалануға құқылы емес.

Журналдың редакциялық коллегиясынын этикасы.

Журналдың бас редакторы мақаланы жариялау туралы шешім қабылдау кезінде редакция коллегиясының мүшелері мен рецензенттердің білдірген барлық көріністерін назарға қабылдауға тиіс.

Редакциялық коллегия мақалада плагиат, авторлық құқықтарды бұзу, жала жабу және т.б. белгілі болған жағдайда мақаланың жариялануына мүмкіндік бермейді.

Редакциялық коллегия мақалада қабылданған этикаға сәйкессіздік табылған жағдайда мақаланың жариялануына мүмкіндік бермейді.

Редакциялық коллегия мүшелері (алдын ала ұсынылған мақала жарияланбас бұрын мақалада баяндалған идеялары мен жаңалығын пайдалануға) мақаланың мазмұнына құпиялылығын қорғауға міндетті.